Тоқаев заңдағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты өзгерістерге қол қойды

Осылайша Көкжайлау мен Бурабай жері ерекше қорғалатын аумақ қатарына қайта қосылды


01/10/2020
11:53 48046 0

Фото: gorny-club.kz

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аталатын заңға қол қойды. Мұны Ақорда хабарлады. 

 

Осы заң бойынша Іле Алатауы ұлттық паркі (оған Көкжайлау шатқалы кіреді) мен Бурабайдың бір бөлігі қайта ерекше қорғалатын табиғи аумақ қатарына қайтадан қосылады. 

 

— Заңның басты мақсаты — туризм, ауыл шаруашылығы үшін алынып, бірақ өз мақсатында қолданылмаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақ қатарына қайтару процедурасын жеңілдету, — деген еді мұның алдында сенатор Әбдәлі Нұралиев. 


Бұрын Алматыда экобелсенділер Көкжайлауда тау шаңғысы курортын салуға қарсы шыққан еді. Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаға тыйым салды.

Поделиться

Нет комментариев.

01/10/2020 11:53
48046 0

Уведомление